Түркістан облысында туберкулез ауруы төмендеген

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан Бүгін, 11:29

Бұл туралы брифингте Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов мәлімдеді,- деп хабарлайды turkistan.today

«Облыс бойынша тұрғындар арасында 2025 жылдың 2 айында туберкулезбен 102 жағдай тіркеліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16,8 пайызға төмендеген. Ал, 14 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер арасында 4 жағдай тіркелген. Алайда өңірде сырқаттың асқынған түрі тіркелмеген. Сонымен қатар, биыл флюорографиялық тексеруге 7 549 адам жоспарланып, туберкулез ауруымен 8 науқас анықталған. Қазіргі таңда 24 ақпан-24 наурыз күндері аралығында Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы ретте, Департаменттің ұйымдастыруымен туберкулез ауруының алдын алу бойынша қолданыстағы нормативтік актілерге сәйкес эпидемиологиялық іс-шаралар қатаң бақылауға алынып, тұрғындар арасында санитарлық ағарту жұмыстары кең көлемде насихатталуда»,- деді спикер.  

Нұрбек Нышановтың сөзінше, Түркістан облысында індетке қарсы іс-шаралар қарқынды түрде ұйымдастырылуда. Сонымен қатар, емдеу профилактикалық ұйымдарының медицина қызметкерлері арасында туберкулез ауруының алдын алу мақсатында науқасты ерте анықтау, диагностикалау, емдеу бойынша семинар, жаттығу сабақтары жүргізілуде.
                                 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.