Түркістан облысындағы 3 кәсіби театрда 2024 жылы 436 спектакль қойылып, 60 мыңнан астам көрермен қойылымдарға куә болған. Сондай-ақ, 18 жаңа шығарма театрсүйер қауым назарына ұсынылған,- деп хабарлайды turkistan.today
Өңірде өзіндік өрнегін қалыптастырып үлгерген ұжымдар өткен жылы түрлі жетістіктерге жетіп, бірқатар белестерді бағындырған. Мәселен, Түркістан музыкалық драма театрының «Келіндер көтерілісі» қойылымы «Kazakhstan Ticketon Awards-2024» байқауында «Жылдың ең үздік аймақтық қойылымы» номинациясына ие болды.
Ал, Р. Сейтметов атындағы Түркістан қалалық сазды драма театры Көкшетау қаласында өткен С.Жүнісовтың 90 жылдық мерейтойы аясында «Сәлем» ІІ Халықаралық комедиялық фестиваліне қатысып, арнайы жүлдемен марапатталды. Сондай-ақ, Түркістан музыкалық драма театрының «ФАРИЗА» қойылымы «ТЕАТР ALL» ІІІ Халықаралық театр фестивалінде үздік атанды.
Биыл театрлар облыстың мәдениетін, атын таныту және насихаттау мақсатында көршілес елдердің қазақ ұлты көп шоғырланған өңірлерінде гастрольдік сапарлар жоспарлап отыр. Сонымен қатар, облыстағы шалғай аудандарда да өнер көрсету дәстүрі жалғасады. Материалдық техникалық базаны нығайту, жаңа қойылымдарды сахналау мақсатында да ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Соның бірі, жаңадан құрылған «Түркістан» ансамбліне қажетті музыкалық аспаптардың алынуы болып отыр.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.