Ана мен бала — қоғамның айнасы, ұлттың болашағы мен рухының өзегі. Түркістан облысында бұл қағидат тек сөз жүзінде емес, нақты іспен дәлелденіп келеді,- деп хабарлайды turkistan.today
Биыл медицина ұйымдарына материалдық техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету үшін 7,3 млрд, мамандардың біліктілігін арттыруға 121 млн қаражат жоспарлануда. Сонымен қатар облыс әкімінің тарапынан 139 грант бөлініп, қазіргі таңда қабылдау жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік, облыстық балалар ауруханасындағы жансақтау бөлімінде жатқан ауыр науқастарға ғылыми орталықтың дәрігерлеріне практикалық кеңес өткізілді. Ал консультативтік-диагностикалық емханада ауданнан келген науқастарға консилиум жасап, жаңа туған нәрестеге ота жасау барысында тәжірибелерімен бөлісті. Түркістандық хирург мамандарына лекция оқып, дәріс жүргізді.
Айта кетелік, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан қаласында салынып жатқан «Ана мен бала» орталығындағы жұмыстармен танысты. Біріккен Араб Әмірліктерінің «Абу-Даби» қорының демеушілігімен салынып жатқан перзентхана – 80 төсек-орындық. «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорының тапсырысымен құрылыс жұмыстарын «Эристайл-Казахстан» ЖШС жүргізіп жатыр.
Орталық 3,3 гектар аумақта орналасады. Ғимарат екі қабатты, жалпы ауданы – 17 288 шаршы метр. Қазіргі таңда жер қазу жұмыстары толық аяқталған. Іргетасын құю және қайта топырақпен көму жұмыстары атқарылған. Нысан 2026 жылы тапсырылады деп жоспарланған.
Облыс әкімі мердігер мен жауапты басқарма басшыларына жұмысты сапалы атқару, құрылыс талаптарын қатаң сақтауды тапсырды. Құрылысқа қатысты ұсыныс-пікірлерді тыңдап, медициналық мекемені мамандармен қамту, жұмысын үйлестіру мәселесі де назардан түспеуі тиіс екенін ескертті.
Ана мен бала дегеннен шығады, 2025 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылармен орта есеппен 857,9 мың отбасы жалпы сомасы 304,8 миллиард теңге мөлшерінде жәрдемақы бөлінді. Оның ішінде: көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақымен – 615,4 мың отбасы 265,8 миллиард теңгеге; наградталған анаға берілетін жәрдемақымен – 242,5 мың адам 39 миллиард теңгеге қамтылды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
2025 жылдың маусым айында жоғарыда аталған жәрдемақылармен 867,4 мың отбасы жалпы сомасы 51,3 миллиард теңге мөлшерінде, оның ішінде: көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақымен 623,5 мың отбасы 44,8 миллиард теңгеге; наградталған анаға берілетін жәрдемақымен 243,9 мың адамға 6,5 миллиард теңге мөлшерінде қамтылды.
Көпбалалы отбасыға берілетін мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.
Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2025 жылы:
— 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 63 030 теңге;
— 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 78 798 теңге;
— 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 94 565 теңге;
— 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 110 332 теңге;
— 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 15 728 теңге мөлшерінде төленді.
Наградталған анаға берілетін жәрдемақы «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға тағайындалады.
Наградталған анаға берілетін жәрдемақы ай сайын келесі мөлшерде төленеді:
«Күміс алқа» алқасымен наградталған аналарға – 6,40 АЕК немесе 25 165 теңге;
«Алтын алқа» алқасымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға – 7,40 АЕК немесе 29 097 теңге. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға артқан.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.