Түркістан облысындағы гендерлік саясат: қанша әйел бизнес саласында жұмыс істейді?

Түркістан 16 қыркүйек, 2025

Соңғы жылдары Түркістан облысы гендерлік саясатты дамытуда еліміз бойынша ең серпінді өңірлердің біріне айналды. Әйелдер мен ерлердің тең құқықтарын қамтамасыз ету, отбасылық құндылықтарды нығайту, тұрмыстық зорлықтың алдын алу және әйелдердің қоғамдық өмірге белсенді қатысуын арттыру бағытында көптеген нақты нәтижелер бар,- деп хабарлайды turkistan.today

Түркістан облысында гендерлік саясатты қамтамасыз ету үшін облыс әкімінің әйелдер және отбасы мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісі тағайындалды. Сондай-ақ әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мен облыс әкімі аппаратының инспекторы екі гендер теңдігін қамтамасыз етуді қолға алған.

Былтыр Түркістан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия құрамы қайта құралып, оған әртүрлі саланың мамандары қосылған. Жауапты өкілдің мәлімдеуінше, құрам ауысқаннан кейін гендерлік саясат бойынша прогресс байқалып, түрлі шаралар іске асты. 

Мәлімдеулерінше, облыс көлеміндегі әйелдер және отбасы бойынша өзекті мәселелер комиссия отырыстарының күн тәртібіне енгізілді. 

“Түркістан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелерінің арасынан жедел іс-қимыл жасап, түрлі дағдарыстық жағдайларға ден қою жөніндегі үйлестіру тобы құрылып, комиссия төрағасымен бекітілген. Үйлестіру тобының жағдайды шешу бойынша басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен және қызметтермен өзара іс-қимыл жасау тетігін әзірленіп, бекітілді”, – делінген хабарламада. 

Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру мақсатында  нақты жұмыс жүргізіліп, басқа мемлекеттік органдары мен үкіметтік емес ұйымдарымен бірқатар ұйымдық іс-шаралар жүзеге асырылды. 

"БҰҰ-әйелдер" және ЮНФПА ұйымдастыруымен мұғалімдер мен мемлекеттік қызметкерлер арасында гендерлік теңсіздік, гендерлік кемсіту, гендерлік құзыреттіліктердің негізгі ұғымдары бойынша тренинг және оқу-жаттығулар өткен.

Биыл 26 қарашада Түркістан қаласында "БҰҰ-әйелдер" құрылымы және гендерлік зорлық-зомбылықты жою жөніндегі Орталық Азия альянсы, мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесе отырып, президент жанындағы әйелдер істері жэне отбасылық-демографиялық, саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен өзін-өзі қорғау тренингі болған. Онда қыз-келіншектерге "Empowerment through Self-Defense" әдістемесімен өзін қорғау жолдарын үйретті. 

Экономикадағы гендерлік теңдік

Түркістан облысындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мәлімдеуінше, әйелдер бизнес саласында жемісті еңбектер көрсетіп жатыр. Облыс көлемінде шамамен 213 020 мың кәсіпкер болса, оның 68 000 мыңға жуығы – шағын және орта бизнеске басшылық жасап жатқан әйел азаматтар.

Елімізде, облысымызда әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру, құқықтарын қорғау бағытындағы жобаларға қолдау көрсетілуде. Нәтижесінде кәсіпкер әйелдер саны артып келеді. Бұл басқосуда маңызды ұсыныстар айтылып, жаңа жобаларға жол ашылатындығына сенемін. Қазақтың қыз-келіншектері қоғамның сан саласында белсенді болып, олардың бастамаларына қолдау көрсетілуі тиіс", – деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары. ҚР Ұлттық экономика министрлігіне қарасты кəсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жəне қорғау департаменті директорының орынбасары Мерей Исаеваның пікірінше, кәсіпкерлікті дамыту бағытында нәзік жандылардың үлесі мол. Ал Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Баян Жандосова да тақырыпқа қатысты маңызды ойлар қозғады. Өзге де спикерлер әйелдерді кәсіпкерлікеке баулу, оларға қолдау көрсету бағытында баяндамалар жасады. Мемлекеттік органдардың өкілдері Түркістан облысындағы әйелдер кәсіпкерлігі мен шағын және орта кәсіпкерлігінің дамуы мен келешегі туралы ақпаратпен бөлісті. Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігін ынталандыру бойынша ұсыныстар талқыланып, Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) өкілдері банктің тарапынан шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасы туралы ақпарат берді. Қазіргі таңда Көпбалалы аналар саны бойынша Түркістан облысы бірінші орында. Жалпы алғанда облыс көлемінде 184 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік жұмыс істейді. Осылардың ішіндегі 45 мыңға жуық әйел шағын және орта бизнеске басшылық жасап келеді. «TURKISTAN» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында КММ-нің өткен жылдың қорытындысы бойынша 1507 бизнес-жоспар жасалған. Аталған бизнес-жоспардың 466-сы – әйелдердің, қыз-келіншектердің идеясы. Сонымен қатар өткен жылға 1007 жоба сүйемелденіп, қаржы қаралған болса, оның 266-сы әйелдер кәсіпкерлігіне тиесілі болды.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.