Түркістан облысындағы гендерлік саясат: тең мүмкіндіктер

Түркістан 12 тамыз, 2025

Түркістан облысындағы гендерлік саясат жайында деректермен бөлісеміз,- деп хабарлайды turkistan.today

Түркістан облысында әйелдер қауымы барлық салада белсенділік танытуда. Облыс көлемінде шамамен 213 мыңнан астам кәсіпкер әйел бар. Оның 68 мыңға жуығы қыз-келіншектер. Яғни шағын және орта кәсіпкерліктің 31,9 %-ында іскер ханымдар басшылық жасап отыр.

«Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы» бойынша облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. Жауапты өкілдердің сөзінше комиссияның мемлекеттік органдары мен үкіметтік емес ұйымдарымен жыл басынан бері бірқатар ұйымдық іс-шаралар жүзег асырылды. Облыстың әйелдер қауымы барлық салаларда жемісті еңбек көрсетіп келеді. Өңір бойынша шамамен 213 мыңнан аса кәсіпкер болса, оның 68 мыңға жуығы шағын және орта бизнеске басшылық ететін әйелдер қауымы. Статистикалық мәлімет бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің 31,9%-ынла әйелдер басшылық етеді. Демек, Түркістан өңірінде жұмыс істейтін әрбір үшінші кәсіпкер әйел кәсіпкерлер. Ол әйелдердің кәсіпкерлігін қолдау мақсатында еліміздегі алғашқы «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту» орталығы өткен жылы Түркістан қаласында ашылған болатын. Бұл орталықтың мақсаты – кәсіпкер әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту, бизнесті жүргізу үшін оларға қолайлы жағдай жасау. Қазіргі таңда орталыққа 2 мыңнан астам кәсіпкер әйелдер, кәсіпкерлік бастамасы бар әйелдер және бастауыш стартаперлер кеңес алу үшін жүгініп отыр. Бүгінгі таңда өңірде іс басындағы 5658 мемлекеттік қызметшінің 1564-і немесе 27,3%-ы әйелдер. Оның ішінде, 249-ы немесе 15%-ы басшылық лауазымдарды атқарады. Соның ішінде өңірде әйелдердің ең көп бөлігі білім беру мен денсаулық сақтау салаларында қызмет етеді.

Облыста отбасылық құндылықтарды дәріптеу, жанұяның беріктігін сақтау, ажырасудың алдын ала бағытында түрлі жобалар ұайымдастырылуда. Атап айтсақ, «Отбасы бақыт мекені», «Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы», «Жас отбасындағы қақтығыстар», «Жанұя – бақыт тілегі», «Тәрби тал бесіктен басталады», «Ұлттық құндылық – отбасы тәрбиесінде», «Тәртіп-тәрбие бастауы», «Отбасы ең үлкен құндылық» тақырыптарында отбасыларға 10 психо-профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, 500-ге жуық отбасы қамтылды. Соның аясында Түркістан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы, Түркістан облысы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы, Түркістан облысы әйелдерді қолдау үкіметтік емес ұйымдарының бірлескен жоспары бекітілген. Осы жоспар аясында комиссия тарапынан отбасылық-тұрмыстыұ қатынастар саласында әйелдер мен балалардың құқықтарын өорғау бойынша оң жұмыстар атқарылған. Комиссия зорлық-зомбылық көрген әйелдерге медициналық және психологиялық көмек көрсетеді. Әйелдерге жасалатын зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында мүдделі органдарымен, үкіметтік емес ұйымдармен және қоғамдық кеңестермен бірлескен жұмыс атқарылуда. Комиссия мемлекеттік органдармен, үкіметтік және үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктерімен, «Қазақстан іскер әйелдер ассоциациясы» ҚБ Түркістан облысының филиалы, «Сана сезім» Әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы» ҚБ және «Сенім-Ай» ҚБ-нің «Көмек» дағдарыс орталығымен тығыз байланыстығын арттыру мақсатында жиі кездесу ұйымдастырылып, пікірі алмасады. Жәбір көрген қыз-келіншектерге көмек көрсетіліп, зорлық-зомбылықтың түрін талдап, категориясын анықтап, медициналық және психологиялық кеңестер беріледі.

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық миллиондаған адамдарға әсер ететін жаhандық мәселеге айналған. Дегенмен, дүние жүзінде зардап шеккендерге көмек пен қолдау көрсетуге дайын ұйымдар мен бастамалар көбейіп келеді. Бұл жұмыстаы басты рөл зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелдерге жан-жақты көмект көрсететін мамандандырылған орталықтарға тиесілі.
Ал әйелдерге көмек көрсету орталықтары мәселенің барлық аспектілерін ескеретін кешенді әдісті қолданады. Бұл жай ғана жедел жәрдем емес, физикалық және писхологиялық денсаулықты қалпына келтіруге көмектесетін маңызды қолдау жүйесі. Өңірде әйелдерді қолдау және қорғау мақсатында жұмыс істеп жатқан орталықардың басты мақсаты да осы.

Айта кетсек, Түркістан қаласында «Қамқорлық» отбасы орталығын ашылған. Отбасы орталығы негізгі 10 бағыт бойынша жұмыс жүргізеді. Олар: психологиялық қолдау көрсету, құқықтық жәрдем беру, үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен жұмыс жүргізу, медиаторлармен бірлескен жұмыс (отбасындағы проблемалармен ажырасудың алдын алу, құқықтық көмектер) жүргізу, өз кәсібін игеруге ықпал ету, үй жағдайында жұмыспен қамтылуға жәрдемдесу, денсаулық сақтау және және көші-қон бойынша мәселелерін шешу, тұрғын үй мәселелері бойынша көмек көрсету, мұқтаж аналарға арналған курстарды ұйымдастырып, оқыту және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету. Орталықта кондитерлік, тігіншілік, компьютерлік сауаттылық, шаштараз, СММ кәсібін меңгеру, дефектолог-логопед мамандарды даярлау да қолға алынып отыр. Алдағы уақытта «Қамқорлық» отбасы орталығы аудандарда да ашуда жоспарланып отыр.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.