Түркістан облысындағы гендерлік саясат: тең мүмкіндіктерді дамыту

Түркістан 10 тамыз, 2025

Қазақстан қоғамының тұрақты дамуы үшін гендерлік саясат – әйелдер мен ерлердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ету – басты бағыттардың бірі. Бұл салада қабылданған мемлекеттік бағдарламалар тек ұлттық деңгейде ғана емес, өңірлік деңгейде де іске асырылуда. Әсіресе, демографиялық тұрғыдан халқы тығыз орналасқан Түркістан облысында гендерлік саясаттың маңызы артып келеді,- деп хабарлайды turkistan.today

Соңғы жылдары Түркістан облысында әйелдердің еңбек нарығына қатысуын арттыру, қыз балалардың білім алу мүмкіндіктерін кеңейту, отбасындағы гендерлік теңдік мәдениетін қалыптастыру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және әйел кәсіпкерлігін қолдау бағытында жаңа жобалар жүзеге асып жатыр.

Гендерлік саясаттың мемлекеттік негіздері

Қазақстанда гендерлік теңдікті қамтамасыз ету үшін «Қазақстан Республикасындағы әйелдер мен ерлердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» заң жұмыс істейді. Осыған сәйкес, әр облыста арнайы бағдарламалар әзірленіп, жергілікті деңгейде орындалып отыр.

Түркістан облысы әкімдігі мен мәслихаты «Отбасы және гендерлік саясат жөніндегі комиссияның» жұмысын жолға қойған. Бұл комиссия әйелдердің әлеуметтік жағдайын жақсарту, кәсіпкерлігін қолдау, тұрмыстық зорлықтың алдын алу бойынша шешімдер қабылдайды.

Әйелдердің еңбек нарығындағы орны

2024 жылғы ресми дерекке сәйкес, Түркістан облысында жұмыс істейтін халықтың 49%-ын әйелдер құрайды.

Орта және шағын бизнес саласында әйелдердің үлесі 35%-ға жеткен.

Ауыл шаруашылығы, білім, денсаулық сақтау саласында әйелдердің басым бөлігі жұмыс істейді.

2024 жылдың қарашасында Түркістан облысында «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы» ашылды. Мұнда әйелдерге бизнес-жоспар құру, қаржы институттарына шығу, маркетингтік білім алу бойынша тегін кеңес беріледі. Алғашқы үш айда орталыққа 700-ден астам әйел жүгінген.

Қыз балалардың білім алуына қолдау

Түркістан облысында мектеп жасындағы қыз балалардың білім алу деңгейі соңғы бес жылда айтарлықтай артқан.

2023 жылы Түркістандағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қыз балалардың үлесі 54% болған.

Ауылдық жерлерде мектепке бармай қалған қыз балалардың мәселесін шешу үшін «Қыз бала – болашақ ана» бағдарламасы іске қосылған.

Сондай-ақ, 2025 жылдың басында Жетісай және Сарыағаш аудандарында қыз балаларға арналған IT және STEM бағытындағы тегін курстар ашылды. Бұл курстарға қазірдің өзінде 300-ден астам жасөспірім қыз қатысуда.

Әйелдер кәсіпкерлігі

Әйел кәсіпкерлігін дамыту – гендерлік саясаттың маңызды бөлігі.

2024 жылы Түркістан облысында «Ана кәсіпкер» жобасы аясында 1 200 әйел кәсіп ашуға грант алды.

Олардың ішінде тігін цехы, кондитерлік өнімдер, ауыл шаруашылығы кооперативтері бар.

2024 жылдың соңында Түркістан қаласында әйелдерге арналған индустриялық аймақ құрыла бастады. Мұнда шағын өндіріс орындары, қолөнер шеберханалары, әлеуметтік кәсіпкерлік жобалары іске қосылмақ.

Гендерлік теңдік және отбасылық құндылықтар

Гендерлік саясат тек экономикалық қолдау емес, сонымен қатар қоғамдағы сана-сезімді өзгертуге бағытталған.

Түркістан облысында «Әкелер мектебі» мен «Аналар клубы» жұмыс істейді. Бұл бастамалар отбасында әке мен ананың рөлін тең дәрежеде қалыптастыруға ықпал етеді.

Мектептерде «Отбасылық өмір мәдениеті» факультативі енгізіліп, қыз балаларға өзін-өзі бағалау, құқықтық сауаттылық, көшбасшылық дағдылар үйретілуде.

2025 жылдың ақпан айында Түркістанда өткен «Әйелдер және қоғам» форумына Қазақстанның түкпір-түкпірінен 300-ден астам белсенді әйел жиналды. Форумда гендерлік саясаттың жаңа бағыттары талқыланып, әйелдердің саясатқа қатысуын кеңейту ұсынылды.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу

Бұл – ең өзекті мәселелердің бірі. Түркістан облысында тұрмыстық зорлыққа қарсы түрлі бағдарламалар жүзеге асырылуда.

2024 жылы облыстағы дағдарыс орталықтарына 1 800-ден астам әйел жүгінген.

«111 – Балалар мен әйелдерге арналған сенім телефоны» арқылы 3 мыңға жуық қоңырау түскен.

Әр ауданда полиция жанындағы арнайы топтар құрылған.

2024 жылы Түркістан облыстық полиция департаменті БҰҰ-ның «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясына қосылып, қоғамдық орындарда ақпараттық науқандар өткізді.

Саясаттағы әйелдер

Түркістан облысында әйелдердің мемлекеттік басқару жүйесіне қатысуы да артып келеді.

Қазіргі таңда облыстық мәслихат депутаттарының 30%-ы – әйелдер.

Әкімдік жанындағы түрлі басқармаларда басшылық қызметте отырған әйелдердің үлесі де өсуде.

2025 жылы Түркістан облысы тарихында алғаш рет аудан әкімі қызметіне әйел тағайындалды. Бұл жаңалық қоғамда қызу талқыланып, гендерлік саясаттың нақты жетістігі ретінде бағаланды.

Түркістан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы өтті. Мәжіліске облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев төрағалық етіп, жүргізіп отырды. Жиынға комиссия мүшелері, құқық қорғау оргадары өкілдері, аудан және қалалық комиссия төрағалары селекторлық форматта қатысты. Күн тәртібінде 4 мәселе қаралып, баяндамалар жасалды.

— Мемлекет гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, отбасылық институтты нығайту, ана мен бала құқығын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және әлеуметтік қолдау бағытында ауқымды жұмыстарды атқаруда. Түркістан өңірінде игілікті бастамалар мен жобалар жүзеге асырылып келеді. Әйелдер қауымы сан түрлі саланы меңгеріп, еңбектеніп, елді дамытуға үлес қосуда. Бүгін жиі кездесетін мәселелерді ортаға салу, ұсыныстарды талқылау және шешілу жолдарын қарастыру үшін жиналдық. Сіздер қоғамда белсене іс атқарып, проблемалардың ошақтарын жіті білесіздер. Сондықтан пікірлеріңізді тыңдау - маңызды. Ерте жүктіліктің алдын алу шараларының нәтижесінде көрсеткіш төмендеді. Дегенмен кәмелетке толмағандар арасында және оларға жасалатын құқықбұзушылық азаймай отыр. Көбіне әлеуметтік жетіспеушілік пен отбасылық жанжалдан туындайды. Сондай-ақ қадағалауды жазғы демалыста да елеусіз қалдырмаған абзал. Білім ұяларынан бастап колледждерге дейін, жалпы жергілікті жерлерде бақылауды күшейтіп, жұмысты жандандыруды тапсырамын, - деді Бейсенбай Дәулетұлы.

Статистикалық деректерге сүйенсек, 2025 жылдың 7 айында жүргізілген талдау нәтижесінде кәмелетке толмағандармен 69 қылмыс болған. Осыған байланысты Түркістан облысының психологиялық қолдау орталығы» КММ, 17 аудан және қалалық «Отбасын қолдау орталығы» КММ ашылып, тиісті міндеттерді орындауда. Бұл орталықтар өмірлік қиын жағдайға тап болған тұрғындарға жан-жақты көмектесуде. Жыл басынан бері 17 орталыққа 3800-дей өтініш келіп түсіп, түрлі бағытта 5 мыңнан аса қызмет көрсетілді. Отбасын қолдау орталықтарында жалпы 284,5 штаттық бірлік бекітіліп, тиісті мамандар еңбек етуде.

Айта кетейік, Түркістан облысында халық саны - 2,1 млн адам. Оның 49 пайызы – әйелдер. Республикада көпбалалы аналардың 185 мыңнан астамы Түркістан өңірінің тұрғындары. Бүгінде аймақта 55 мыңнан астам адам немесе 8935 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады. Жиынды қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары бірқатар тапсырмаларды жүктеді.

Айта кетелік, отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасында: «Мемлекеттік саяси қызметшілер құрамында әйелдердің өкілдік етуі саласында оң серпін жоқ. Жұмыс істейтін 728 мемлекеттік саяси қызметшінің 65-і немесе 8,9 %-ы әйелдер. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамындағы әйелдердің үлесі 9 %-ды құрайды. Ал, Испания мен Финляндияда Үкімет мүшелерінің 60 %-дан астамы әйелдер» делінген.

Жергілікті (аумақтық) атқарушы органдардағы басшы лауазымдарда әйелдердің өкілдік етуінде үлкен өзгерістер байқалмайды. Облыс әкімі лауазымындағы әйелдердің үлесі − 5,9 % (17 облыстың 1-уі). Барлық
17 өңірде әйел әкім орынбасарларының үлесі 9,3 %-ды құрайды. Облыстар, астана, республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің және олардың бірінші орынбасарларының жалпы құрамында әйелдер 9,5 %-ды құрап отыр.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекет қатысатын компаниялардың басшы органдарында әйелдер үлесін кезең-кезеңімен 30 %-ға дейін арттыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өткен жөн.

Бүгінде Түркістан облысы  халық саны жағынан еліміздегі көшбасшы өңір. Тиісінше көп балалы аналар саны жағынан да ел бойынша алдыңғы орында. Өңірдегі аналар тек отбасының ұйытқысы ғана болып қоймай, қоғамның барлық саласында жемісті еңбек етіп келеді. Әсіресе, кәсіпкерлік, бизнес саласындағы ханымдардың үлесі жыл санап артуда.

Түркістан облысында әйелдер қауымы барлық салада белсенділік танытуда. Облыс көлемінде шамамен 213 мыңнан астам кәсіпкер бар.  Оның 68 мыңы – қыз-келіншектер. Яғни шағын және орта кәсіпкерліктің 31%-ында іскер ханымдар  басшылық жасап отыр.

Бүгінгі таңда 728 мемлекеттік саяси қызметшінің 65-і немесе 8,9 %-ы әйелдер. ҚР Үкіметінің құрамындағы әйелдердің үлесі 9%-ды құрайды. Ал Испания мен Финляндияда Үкімет мүшелерінің 60 %-дан астамы әйелдер деседі. Облыс әкімі лауазымындағы әйелдердің үлесі – 5,9% (17 облыстың 1-уі). Барлық өңірде әйел әкім орынбасарларының үлесі 9,3 %-ды құрайды. Облыстар, астана республикалық маңызы бар қала әкімдерінің және олардың бірінші орынбасаралары жалпы құрамында әйелдер 9,5 %-ды құрап отыр.

2024 жылдың ақпан айындағы ақпаратқа сәйкес, қазіргі таңда Түркістан облысы халық саны жағынан еліміздегі көшбасшы өңір. Тиісінше көпбалалы аналар саны жағынан да ел бойынша алдыңғы орында. Облыста демографиялық өсу деңгейі жоғары дәрежеде. Биылғы жылдың 9 айында 30 мыңнан астам бала дүниеге келген. Соның ішінде егіздер саны – 345 болса, үшем – 7-еу. Ардақты аналар саны бойынша өңіріміз көшбасшылар қатарында. Өңірдегі аналар отбасыларды ұйытқысы ғана болып қоймай, қоғамның барлық саласында жемісті еңбек етуде. Әсіресе, кәсіпкерлік, бизнес саласындағы ханымдардың үлесі жыл санап артуда.

Түркістан облысында әйелдер қауымы барлық салада белсенділік танытуда. Облыс көлемінде шамамен 213 мыңнан астам кәсіпкер әйел бар. Оның 68 мыңға жуығы қыз-келіншектер. Яғни шағын және орта кәсіпкерліктің 31,9 %-ында іскер ханымдар басшылық жасап отыр.

«Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы» бойынша облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. Жауапты өкілдердің сөзінше комиссияның мемлекеттік органдары мен үкіметтік емес ұйымдарымен жыл басынан бері бірқатар ұйымдық іс-шаралар жүзег асырылды. Облыстың әйелдер қауымы барлық салаларда жемісті еңбек көрсетіп келеді. Өңір бойынша шамамен 213 мыңнан аса кәсіпкер болса, оның 68 мыңға жуығы шағын және орта бизнеске басшылық ететін әйелдер қауымы. Статистикалық мәлімет бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің 31,9%-ынла әйелдер басшылық етеді. Демек, Түркістан өңірінде жұмыс істейтін әрбір үшінші кәсіпкер әйел кәсіпкерлер. Ол әйелдердің кәсіпкерлігін қолдау мақсатында еліміздегі алғашқы «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту» орталығы өткен жылы Түркістан қаласында ашылған болатын. Бұл орталықтың мақсаты – кәсіпкер әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту, бизнесті жүргізу үшін оларға қолайлы жағдай жасау. Қазіргі таңда орталыққа 2 мыңнан астам кәсіпкер әйелдер, кәсіпкерлік бастамасы бар әйелдер және бастауыш стартаперлер кеңес алу үшін жүгініп отыр. Бүгінгі таңда өңірде іс басындағы 5658 мемлекеттік қызметшінің 1564-і немесе 27,3%-ы әйелдер. Оның ішінде, 249-ы немесе 15%-ы басшылық лауазымдарды атқарады. Соның ішінде өңірде әйелдердің ең көп бөлігі білім беру мен денсаулық сақтау салаларында қызмет етеді.

Облыста отбасылық құндылықтарды дәріптеу, жанұяның беріктігін сақтау, ажырасудың алдын ала бағытында түрлі жобалар ұайымдастырылуда. Атап айтсақ, «Отбасы бақыт мекені», «Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы», «Жас отбасындағы қақтығыстар», «Жанұя – бақыт тілегі», «Тәрби тал бесіктен басталады», «Ұлттық құндылық – отбасы тәрбиесінде», «Тәртіп-тәрбие бастауы», «Отбасы ең үлкен құндылық» тақырыптарында отбасыларға 10 психо-профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, 500-ге жуық отбасы қамтылды. Соның аясында Түркістан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы, Түркістан облысы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы, Түркістан облысы әйелдерді қолдау үкіметтік емес ұйымдарының бірлескен жоспары бекітілген. Осы жоспар аясында комиссия тарапынан отбасылық-тұрмыстыұ қатынастар саласында әйелдер мен балалардың құқықтарын өорғау бойынша оң жұмыстар атқарылған. Комиссия зорлық-зомбылық көрген әйелдерге медициналық және психологиялық көмек көрсетеді. Әйелдерге жасалатын зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында мүдделі органдарымен, үкіметтік емес ұйымдармен және қоғамдық кеңестермен бірлескен жұмыс атқарылуда. Комиссия мемлекеттік органдармен, үкіметтік және үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктерімен, «Қазақстан іскер әйелдер ассоциациясы» ҚБ Түркістан облысының филиалы, «Сана сезім» Әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы» ҚБ және «Сенім-Ай» ҚБ-нің «Көмек» дағдарыс орталығымен тығыз байланыстығын арттыру мақсатында жиі кездесу ұйымдастырылып, пікірі алмасады. Жәбір көрген қыз-келіншектерге көмек көрсетіліп, зорлық-зомбылықтың түрін талдап, категориясын анықтап, медициналық және психологиялық кеңестер беріледі.

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық миллиондаған адамдарға әсер ететін жаhандық мәселеге айналған. Дегенмен, дүние жүзінде зардап шеккендерге көмек пен қолдау көрсетуге дайын ұйымдар мен бастамалар көбейіп келеді. Бұл жұмыстаы басты рөл зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелдерге жан-жақты көмект көрсететін мамандандырылған орталықтарға тиесілі.
Ал әйелдерге көмек көрсету орталықтары мәселенің барлық аспектілерін ескеретін кешенді әдісті қолданады. Бұл жай ғана жедел жәрдем емес, физикалық және писхологиялық денсаулықты қалпына келтіруге көмектесетін маңызды қолдау жүйесі. Өңірде әйелдерді қолдау және қорғау мақсатында жұмыс істеп жатқан орталықардың басты мақсаты да осы.

Айта кетсек, Түркістан қаласында «Қамқорлық» отбасы орталығын ашылған. Отбасы орталығы негізгі 10 бағыт бойынша жұмыс жүргізеді. Олар: психологиялық қолдау көрсету, құқықтық жәрдем беру, үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен жұмыс жүргізу, медиаторлармен бірлескен жұмыс (отбасындағы проблемалармен ажырасудың алдын алу, құқықтық көмектер) жүргізу, өз кәсібін игеруге ықпал ету, үй жағдайында жұмыспен қамтылуға жәрдемдесу, денсаулық сақтау және және көші-қон бойынша мәселелерін шешу, тұрғын үй мәселелері бойынша көмек көрсету, мұқтаж аналарға арналған курстарды ұйымдастырып, оқыту және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету. Орталықта кондитерлік, тігіншілік, компьютерлік сауаттылық, шаштараз, СММ кәсібін меңгеру, дефектолог-логопед мамандарды даярлау да қолға алынып отыр. Алдағы уақытта «Қамқорлық» отбасы орталығы аудандарда да ашуда жоспарланып отыр.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.