Түркістан облысындағы перзентхана жайында не белгілі?

Түркістан 27 тамыз, 2025

2025 жылдың басынан бері №1 облыстық перинаталдық орталығында 4050 нәресте дүниеге келді,- деп хабарлайды turkistan.today

Білікті кадрлар даярлау мәселесі назардан тыс қалған емес. 2024 жылы бейінді мамандар даярлау үшін резидентураға – 139 грант, орта медициналық қызметкерлерді даярлау үшін 600 грант бөлінген. Биыл резидентураға 150 грант бөлінді. Одан бөлек, «Аңсаған сәби» бағдарламасы шеңберінде Түркістан облысына былтыр 556 квота бөлініп, 100% игерілді. Биыл 640 квота бөлініп, 70% орындалды.

Медициналық мекемелерді заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылы 1 млрд. теңге қаржы бөлініп, қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды. Биыл да 1 млрд. теңге қаржыға құрал-жабдықтар сатып алу жоспарлануда.

Айта кетейік, 2025 жылдың басынан бері №1 облыстық перинаталдық орталығында 4050 нәресте дүниеге келді. Оның ішінде, 72-сі – егіздер. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 271 балаға көп.

Өңірде медицина саласан жетілдіру, сапалы қызмет көрсету бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасады.

Сарыағаш қаласында 300 орындық перинаталдық орталығы бар көпбейінді аурухана, Ордабасы ауданында 200 төсек орындық заманауи медициналық орталық, Түркістан қаласында 200 орындық облыстық балалар ауруханасы салынбақ. Бұл жайында Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшының орынбасары Бауыржан Сатыбалды брифингте мәлімдеді.

«2021 жылы Түркістан қаласында Мұхаммед Бен Заид Аль Нахаян атындағы 80 орындық перзентхана құрылысы үшін Түркістан облысының әкімдігі 3,3 гектар жер телімін бөлген болатын. БАӘ, Абу-Даби қоры демеушілікті мойнына алса, конкурс нәтижесінде «Эристайл-Казахстан» ЖШС мердігер мекеме атанды. Алдағы уақытта құрылыс жұмыстары басталады. Сонымен қатар, Мақтаарал ауданында 210 орындық аудандық аурухана мен Сауран ауданында ауысымына 500 келушіге арналған емхана құрылыстары жүргізілуде» - деді спикер.

Сондай-ақ, бүгінгі таңда облыс көлемінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен облысымызда азаматтардың 83%-ы қамтылған. Халықты МӘМС жүйесіне тарту жөнінде Түркістан облысы бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен және мемлекеттік органдармен өңірлік штаб құрылып, қала-аудан әкімдіктеріне тапсырма беріліп жұмыстар жүргізілуде.

Өңір тұрғындарын дәрі-дәрмекпен қамту бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылған. 2024 жылдың қорытындысымен 15,9 млрд теңгеге дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 549 түрін сатып алуға өтінім беріліп, бүгінгі күнге дейін «Д» есепте тұратын 213 665 науқас жалпы сомасы 16 882 419 мың теңгеге қамтамасыз етілген. Соның ішінде, 18 жасқа дейінгі 64 257 науқасқа 3 523 275 мың теңге қаржы қарастырылған. Сонымен қатар, облыстағы медициналық мекемелердің техникамен жарақтандырылуы 85,22% құрап отыр.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.