Түркістан облысы – Қазақстандағы халқы ең көп аймақтардың бірі. Жыл сайын онда 60 мыңнан астам нәресте дүниеге келеді. Бұл – бір ғана статистика емес, аймақтың болашағының берік кепілі. Осындай демографиялық өсімді қамтамасыз етіп отырған басты факторлардың бірі – перзентханалардың сапалы қызметі мен аналарға жасалып жатқан қамқорлық,- деп хабарлайды turkistan.today
Соңғы жылдары облыстағы перзентханалар заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толықтырылып, жаңа орталықтар ашылуда. Мемлекет тарапынан қолдау күшейіп, ана мен балаға ерекше қамқорлық көрсетіліп келеді. Бұл өз кезегінде өңір тұрғындарына сенім мен қуаныш сыйлап отыр.
Жаңа перзентханалар – жаңа үміт
Түркістан қаласындағы жаңа перзентхана
2024 жылы Түркістан қаласында 200 орындық жаңа перзентхана ашылды. Заманауи стандарттарға сай салынған нысан жүкті әйелдерге қолайлы жағдай жасап, мыңдаған ананың денсаулығын қорғауға мүмкіндік берді. Мұнда ультрадыбыстық диагностика, реанимация, балалардың күтіміне арналған ең жаңа жабдықтар бар.
Аналардың пікірінше, жаңа перзентхана тек медициналық мекеме ғана емес, нағыз жылы әрі жайлы орталыққа айналған. Қызметкерлердің сыпайылығы, дәрігерлердің кәсіби шеберлігі мен көңіл бөлуі – өңірдегі ана денсаулығына деген құрметтің айқын көрінісі.
Аудандық перзентханалардың жаңаруы
Жетісай, Арыс, Кентау, Ордабасы аудандарындағы перзентханаларға күрделі жөндеу жүргізілді. Инкубаторлар, жаңа ота жасау жабдықтары орнатылып, акушерлік палаталар заманауи үлгіде қайта жасақталды. Бұрынғыдай кезек күту немесе орын жетіспеушілігі мәселелері біртіндеп азайып келеді.
2025 жылдың ақпан айында Түркістан облыстық перинаталдық орталығында «Ана мектебі» ашылды. Бұл жоба болашақ аналарға арналған тегін дәрістер, дұрыс тамақтану курстары мен психологиялық қолдау бағдарламаларын қамтиды.
2024 жылы Кентау қаласында алғаш рет «Әке қатысуымен босану» тәжірибесі енгізіліп, жас әкелердің отбасы өміріне белсенді қатысуына жол ашылды.
Жетісай ауданында туу туралы куәлікті перзентханадан шықпай-ақ алу мүмкіндігі іске қосылды. Бұл аналарға үлкен жеңілдік әкеліп отыр.
Ордабасы ауданында «Дені сау сәби – бақытты болашақ» акциясы өткізіліп, жүкті әйелдерге тегін тексерістер ұйымдастырылды.
Ана мен балаға ерекше қамқорлық
Денсаулық сақтау сапасы
Облыстағы барлық жүкті әйелдер тегін медициналық тексеруден өтеді. 2024 жылы 150 мыңнан астам әйел скринингтен өтіп, көптеген аурулардың алдын алуға мүмкіндік алды. Жаңа технологиялардың арқасында жүктіліктің әр кезеңі мұқият бақылауда.
Психологиялық қолдау
2025 жылы Түркістан қаласында «Ана жүрегі» орталығы ашылып, жас аналарға тегін психологиялық кеңес беру қолға алынды. Бұл бастама жас аналардың өздерін сенімді әрі бақытты сезінуіне жағдай жасайды.
Әлеуметтік көмектер
Көпбалалы аналарға арнайы әлеуметтік пакеттер беріледі. Перзентханадан шыққан сайын жас ана нәрестеге қажетті киім-кешек, күтім құралдарын тегін алады. Мұндай қамқорлық халық арасында үлкен ризашылық тудырып отыр.
Перзентхана дәрігерлері – мейірім мен кәсібиліктің үлгісі
Түркістан облысындағы медицина қызметкерлері тек өз ісінің мамандары ғана емес, сондай-ақ әрбір ананың жанын түсіне білетін жанашыр жандар. Соңғы жылдары жүздеген дәрігер шетелдік курстардан өтіп, жаңа білімді өңірге әкелді. Түркия мен Германиядан келген мамандармен тәжірибе алмасу дәрежені көтеріп, емделушілерге көрсетілетін қызметті жаңа деңгейге көтерді.
Болашаққа бағытталған жоспарлар
Облыс әкімдігі 2025 жылға дейін 10 жаңа перзентхана ашуды жоспарлап отыр. Әсіресе шалғай ауылдарда медициналық қызметті қолжетімді етуге ерекше көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, жас мамандарды ауылдарға тарту үшін әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылып жатыр.
Түркістан облысындағы перзентханалар бүгінде аналар мен сәбилерге тек медициналық көмек көрсетіп қана қоймай, өмірге жаңа үміт, қуаныш сыйлап отыр. Жаңа нысандардың ашылуы, халықаралық тәжірибелердің енгізілуі, әлеуметтік қамқорлық пен дәрігерлердің жанашырлығы – барлығы да өңірдің болашағына сенім ұялатады.
Әрбір дүниеге келген сәби – бұл тек бір отбасының қуанышы ғана емес, бүкіл Түркістан облысының, Қазақстан халқының болашағы. Осындай игі істердің арқасында өңірдің болашағы жарқын, ұрпақтың денсаулығы мықты боларына сенім зор.
Айта кетелік, Түркістан облысында алдағы жылдары 7 ірі жоба іске асырылмақ. Олардың қатарында облыс орталығында салынып жатқан 570 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы да бар. Нысан биыл жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға берілмек. Сондай-ақ, Сарыағаш қаласында 300 орындық перинаталдық орталығы бар көпбейінді аурухана, Ордабасы ауданында 200 төсек орындық заманауи медициналық орталық, Түркістан қаласында 200 орындық облыстық балалар ауруханасы салынбақ. Бұл жайында Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшының орынбасары Бауыржан Сатыбалды брифингте мәлімдеді.
«2021 жылы Түркістан қаласында Мұхаммед Бен Заид Аль Нахаян атындағы 80 орындық перзентхана құрылысы үшін Түркістан облысының әкімдігі 3,3 гектар жер телімін бөлген болатын. БАӘ, Абу-Даби қоры демеушілікті мойнына алса, конкурс нәтижесінде «Эристайл-Казахстан» ЖШС мердігер мекеме атанды. Алдағы уақытта құрылыс жұмыстары басталады. Сонымен қатар, Мақтаарал ауданында 210 орындық аудандық аурухана мен Сауран ауданында ауысымына 500 келушіге арналған емхана құрылыстары жүргізілуде» - деді спикер.
Сондай-ақ, бүгінгі таңда облыс көлемінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен облысымызда азаматтардың 83%-ы қамтылған. Халықты МӘМС жүйесіне тарту жөнінде Түркістан облысы бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен және мемлекеттік органдармен өңірлік штаб құрылып, қала-аудан әкімдіктеріне тапсырма беріліп жұмыстар жүргізілуде.
Өңір тұрғындарын дәрі-дәрмекпен қамту бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылған. 2024 жылдың қорытындысымен 15,9 млрд теңгеге дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 549 түрін сатып алуға өтінім беріліп, бүгінгі күнге дейін «Д» есепте тұратын 213 665 науқас жалпы сомасы 16 882 419 мың теңгеге қамтамасыз етілген. Соның ішінде, 18 жасқа дейінгі 64 257 науқасқа 3 523 275 мың теңге қаржы қарастырылған. Сонымен қатар, облыстағы медициналық мекемелердің техникамен жарақтандырылуы 85,22% құрап отыр.
Айта кетелік, Түркістан облысының №1 облыстық перинаталдық орталығында Шардара ауданының тұрғыны, 43 жастағы Орынкүл Нурабаева үшем дүниеге әкеліп, 11 баланың анасы атанды.
Ұлдардың салмағы – 2265 грамм, 2455 грамм, 2405 грамм. Үшемдер мезгілінен ерте туылғандықтан, дәрігерлердің қатаң бақылауында. Қазіргі таңда ана мен нәрестелердің жағдайы жақсы. Кеше сәбилер мен анасы перзентханадан үйлеріне шығарылды.
Жалпы өңірде осы жылдың 6 айында 22 638 бала дүниеге келген. Облыста 22 перзентхана қызмет көрсетеді. Босандыру ұйымдарында 319 акушер-гинеколог, 89 неонатолог, 101 анестезиолог-реаниматолог жұмыс істейді. 165 акушер-гинеколог ота жасау дағдыларын меңгерген.
Мамандардың біліктілігін арттыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Өткен жылы 34 дәрігер Ресейдің Санкт-Петербург қаласында біліктілігін арттырса, осы жылы облыстық медициналық ұйымдардағы 70 қызметкер шетелдік мамандардың қатысуымен өткен көшпелі шеберлік сағаттарына қатысты.
Медициналық мекемелерді заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылы 1 млрд теңге қаржы бөлініп, қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды. Биыл да 1 млрд теңге қаржыға құрал-жабдықтар сатып алу жоспарланып отыр.
Айта кетейік, 2025 жылдың басынан бері №1 облыстық перинаталдық орталығында 4050 нәресте дүниеге келді. Оның ішінде, 72-сі – егіздер. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 271 балаға көп.
Сондай-ақ, осы жылдың 19 маусымында Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев Түркістан қаласында салынып жатқан медициналық нысандардың құрылыс алаңында болып, жұмыс барысын бақылады. Мердігерлермен кездесіп, бірқатар тапсырма берді.
Алдымен аппарат басшысына облыс орталығында салынып жатқан «Ана мен бала» орталығындағы жұмыстар таныстырылды. Біріккен Араб Әмірліктерінің «Абу-Даби» қорының демеушілігімен салынып жатқан перзентхана – 80 төсек-орындық. «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорының тапсырысымен құрылыс жұмыстарын «Эристайл-Казахстан» ЖШС жүргізіп жатыр. Орталық 3,3 гектар аумақта орналасады. Ғимарат екі қабатты, жалпы ауданы – 17 288 шаршы метр. Қазіргі таңда жер қазу жұмыстары толық аяқталған. Іргетасын құю және қайта топырақпен көму жұмыстары жүргізілуде.
Осы күні аппарат басшысы Түркістан қаласындағы 1,56 гектар аумақта бой көтеріп жатқан оңалту орталығының жұмысымен танысты. Нысанның құрылысын «YDA INSAAT SANAYI VE TICARET ANONIM SIRKETI» АҚ жүргізуде. Тапсырыс беруші – «TURKISTAN INTERNATIONAL AIRPORT» ЖШС. Ғимараттың жалпы алаңы — 2 227,41 шаршы метр. Жоба бойынша орталық аумағында балалар алаңшасы қарастырылған. Орталық толық заманауи жабдықтармен жабдықталып, айналасы көгалдандырылады.
Жұмыс барысын пысықтаған Еркебұлан Дауылбаев жауапты тұлғалар мен мердігерлерге құрылыс барысында өңірде шығарылатын материалдарды қолдануды, ғимарат ішін отандық өнімдермен жабдықтауды тапсырды. Нысанды өндірістік кестеде көрсетілген мерзімде тапсыруды міндеттеп, «сақалды құрылысқа» жол жоқ екенін баса айтты. Құрылыс сапасы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің қатаң бақылауында екенін жеткізіп, орын алған кемшіліктерді қалпына келтіруге уақыт берді.
Айта кетелік, 2024 жылы № 2 Облыстық перинаталдық орталықта үшем дүниеге келді. Сайрам ауданы Ақсу елді мекеніндегі Эгамбердиевтер отбасы бірден үш перзентпен толықты Qandastar.kz malim.kz сайтына сілтеме жасап.
27 жастағы Назима Эгамбердиева екі ұлынан кейін 2 ұл мен 1 қыз босанды. Бірнеше күн дәрігердің бақылауында болған сәбилер мен анасы бүгін үйлеріне шықты. Отбасының қуанышымен бөлісуге келген туыстары сәбилерді көру үшін перзентхана маңына жиналып, ақжарма тілектерін жеткізді.
Үшемдер мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 34 аптасында жоспарлы кесір тілігі арқылы дүниеге келген. Олардың бірінің салмағы 2 келі 430 грамм болса, екіншісі – 2 келі 490 гр, ал, үшіншісі 1 келі 730 грам болды. Шексіз қуанышқа кенелген отбасы мүшелері үшемдерге Хасан, Фатима, Хусан деп есім берді.
Дәрігерлердің айтуынша үшемдер туылған кезде аппаратта болған. Оларды алғашқы күндері «жоғары күтімге мұқтаж нәрестелер» бөлімшесінде бақылаған.
Сондай-ақ, Түркістан облысының №1 облыстық перинаталдық орталығында Шардара ауданының тұрғыны, 43 жастағы Орынкүл Нурабаева үшем дүниеге әкеліп, 11 баланың анасы атанды. Ұлдардың салмағы – 2265 грамм, 2455 грамм, 2405 грамм. Үшемдер мезгілінен ерте туылғандықтан, дәрігерлердің қатаң бақылауында. Қазіргі таңда ана мен нәрестелердің жағдайы жақсы. Бүгін сәбилер мен анасы перзентханадан үйлеріне шығарылды.
Жалпы өңірде осы жылдың 6 айында 22 638 бала дүниеге келген. Облыста 22 перзентхана қызмет көрсетеді. Босандыру ұйымдарында 319 акушер-гинеколог, 89 неонатолог, 101 анестезиолог-реаниматолог жұмыс істейді. 165 акушер-гинеколог ота жасау дағдыларын меңгерген. Мамандардың біліктілігін арттыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Өткен жылы 34 дәрігер Ресейдің Санкт-Петербург қаласында біліктілігін арттырса, осы жылы облыстық медициналық ұйымдардағы 70 қызметкер шетелдік мамандардың қатысуымен өткен көшпелі шеберлік сағаттарына қатысты.
Білікті кадрлар даярлау мәселесі назардан тыс қалған емес. 2024 жылы бейінді мамандар даярлау үшін резидентураға – 139 грант, орта медициналық қызметкерлерді даярлау үшін 600 грант бөлінген. Биыл резидентураға 150 грант бөлінді. Одан бөлек, «Аңсаған сәби» бағдарламасы шеңберінде Түркістан облысына былтыр 556 квота бөлініп, 100% игерілді. Биыл 640 квота бөлініп, 70% орындалды.
Медициналық мекемелерді заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылы 1 млрд. теңге қаржы бөлініп, қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды. Биыл да 1 млрд. теңге қаржыға құрал-жабдықтар сатып алу жоспарлануда.
Айта кетейік, 2025 жылдың басынан бері №1 облыстық перинаталдық орталығында 4050 нәресте дүниеге келді. Оның ішінде, 72-сі – егіздер. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 271 балаға көп.
Өңірде медицина саласан жетілдіру, сапалы қызмет көрсету бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасады.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.