Түркістан облысындағы перзентханалық қызмет: Ана мен бала

Түркістан 1 қазан, 2025

Түркістан өңірі соңғы жылдары тек тарихи-мәдени орталық қана емес, сонымен қатар әлеуметтік-медициналық салада да айтарлықтай өзгерістер мен жаңашылдықтарға куә болуда. Ана мен бала денсаулығын қамтамасыз ету — өңір басшылығының басты назарында. Перзентханалар мен перинаталдық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне бағытталған жобалар тұрғындардың сенімін арттырып, ана өлімі көрсеткішін төмендетуге, төтенше жағдайларда жедел әрекет ету қабілетін күшейтуге және жаңа туған нәрестелерге көрсетілетін көмектің сапасын жоғарылатуға нақты әсер етті,- деп хабарлайды turkistan.today

Өңір тұрғындарын дәрі-дәрмекпен қамту бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылған. 2024 жылдың қорытындысымен 15,9 млрд теңгеге дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 549 түрін сатып алуға өтінім беріліп, бүгінгі күнге дейін «Д» есепте тұратын 213 665 науқас жалпы сомасы 16 882 419 мың теңгеге қамтамасыз етілген. Соның ішінде, 18 жасқа дейінгі 64 257 науқасқа 3 523 275 мың теңге қаржы қарастырылған. Сонымен қатар, облыстағы медициналық мекемелердің техникамен жарақтандырылуы 85,22% құрап отыр.

Былтыр қаңтарда Түркістан облысында халықты әлеуметтік нысандармен және инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасады. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен әрбір нысанның құрылысы жоспарланып, қатаң бақылауға алынған.

Облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев өзі жетекшілік жасайтын басқармалармен биыл атқарылатын жұмыстарды саралап, басты бағдарламаларды сапалы іске асыру жолдарын қарастырды. Соның ішінде әлеуметтік сала бойынша жүргізілетін құрылыс шараларына барынша басымдық берілмек.

Биыл Түркістан өңірінде 100-ден астам әлеуметтік нысанның құрылысы басталады. Оның ішінде 52-сі білім саласы, қалған 49-ы денсаулық сақтау саласы бойынша салынады. Одан бөлек, өңірде ең ауқымды 6 жоба жүзеге асады. Сарыағаш қаласында 300 орындық перинаталды орталығы бар медициналық кешен, Ордабасының Темірлан ауылында 200 төсек-орындық заманауи перинаталдық орталық, Түркістан қаласында 210 орындық облыстық балалар ауруханасы, Мақтааралдағы Атакент кентінде 210 орындық аудандық аурухананы салу жоспарлануда. Түркістанда 570 орындық көпсалалы аурухана құрылысы биыл аяқталады. Онда медициналық персонал штатын қалыптастыру төртінші тоқсанда басталады. Облыс орталығында Біріккен Араб Әмірліктерінің демеушілігімен 80 орындық перзентхана ғимаратын тұрғызуға келіссөздер жасалған. Сонымен қатар 8 аурухана күрделі жөндеуден өтеді.

Жоғарыда көрсетілген 49 медициналық нысан «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында салынады. Жекелей талдайтын болсақ, 20 дәрігерлік амбулатория, 23 фельдшерлік-акушерлік пункт, 6 мединицалық пункт құрылысы қарқын алады. Бұл нысандарды жыл соңына дейін тапсырып, халықты сапалы медициналық қызметпен қамту көзделуде. Ал қалған медициналық нысан қажет ететін ауылдардың мәселесін инвестор тарту арқылы шешу жоспарланған.

2023 жылы Түркістан өңірінде 20 жаңа мектеп ел игілігіне пайдалануға берілді. Қазіргі таңда облыс көлемінде 15 мектептің құрылысы жалғасуда. Ал «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасына сәйкес 2024 жылы – 29, 2025 жылы 34 білім нысаны ашылуы тиіс. Мұның бәрі орын тапшылығы, апат алдындағы немесе үш ауысымды мектептердің мәселесін жоюға тікелей әсер етеді. Бұлардан бөлек «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына» 8 мектептің жобасын қаржыландыруға ұсынылған. Тиісті құжат рәсімдерінен соң ол нысандарда да жұмыс басталады. Тағы 23 жаңа білім беру ұйымының құрылысы немесе қосымша оқу корпустарын салуды жеке инвесторлар есебінен жүргізу қолға алынуда.

Оқушылардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында алдағы үш жылда халқы тығыз орналасқан аудан, қалаларда 2 Оқушылар сарайы және 7 «Өнер» мектебі салынады.

Облыстағы 251 мәдениет мекемесінің 45-і ғимаратсыз отыр. Бірі әкімдік не мектепте, енді бірі жекеменшік ғимаратта жұмыс істеуде. Былтыр «Ауыл ел – бесігі» бағдарламасы бойынша кітапханасымен бірге 13 мәдениет үйі қолданысқа тапсырылып, 2-еуі күрделі жөндеуден өтті. Осы жылы Мақтаарал, Жетісай, Сайрам және Шардара аудандарында жалпы 4 мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізіледі. 2024 жылға өтпелі болған Сауран мен Жетісай аудандарында 2 клуб мекемесі, Отырар, Сарыағаш, Қазығұрт, Төлеби, Созақ, Келес аудандарындағы 7 ауылдық мәдениет үйінің құрылысы қайта жанданады. Сондай-ақ этносаралық қарым-қатынасты нығайтуға серпін беретін «Достық үйі» ғимаратының кірпіші былтыр Түркістанда қаланды. Биыл 4 қабатты нысанның құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.