Түркістан облысында жүзеге асатын жаңа сәулеттік жобалар талқыланды

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 5 тамыз, 2025

Түркістан облысында құрылыс қарқыны өте жоғары. Биылғы 6 айда өңірде құрылыс жұмыстарының көлемі 230,3 млрд теңгені құрап, 25,1 пайызға артқан. Жыл басынан бері 438,5 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылған. Нысандардың сәулеттік үлгілері облыс әкімдігіндегі арнайы кеңесте тұрақты түрде талқыланып тұрады. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен кезекті кеңес отырысында да бірқатар жобалар сараланды,- деп хабарлайды turkistan.today

– Біз инвестициялық жобаларға, жаңа нысан салам деуші азаматтарға әрдайым қолдау көрсетеміз. Бірақ кәсіпкерлер жерді алған соң құрылысты уақтылы жүргізулері тиіс. Созбалаңға салуға жол берілмейді, – деді Нұралхан Көшеров. 

Сәулеттік жобалар кеңесінде Түркістан қаласы мен аудан, қалаларда салынатын жаңа ғимараттардың сыр-сипаты талқыға түсті. Бірқатарына тоқталсақ, мейрамхана салу, монша мен көлік жуу бекеті, Шардарадағы жағажайды абаттандыру, Балықты көл жобасы, аудан, қалалардағы базарларды қайта құрылымдау және өзге де мәселелер мен ұсыныстар айтылды. Кейбір ұсыныстар қолдау тапса, бірқатарын жетілдіру жөнінде тапсырма берілді. 

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.