Түркістан облысында жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша келіссөз жүргізілді

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 21 мамыр, 2025

Түркістан облысында өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту бағытында жұмыстар жалғасуда. Бүгін облыс әкімі Нұралхан Көшеров инвесторлардың кезекті тобымен кездесіп, келіссөздер жүргізді,- деп хабарлайды turkistan.today

– Біздің алдымызда Түркістан облысын жан-жақты дамыту міндеті тұр. Инвестициялық ахуал жақсы, толық қолдау көрсетіледі. Сонымен бірге біз инфрақұрылымды дамыту, ауыз су жүйелерін реттеу бағытындағы жобаларды жүзеге асыруға да мүдделіміз. Кездесуде айтылған ұсыныстар зерделеніп, тиісті жұмыс басталады деп сенемін, – деді Нұралхан Көшеров. 

Әлеуетті инвестор ауыл шаруашылығы, құрылыс және өзге де салалар бойынша жобаларды жүзеге асырады. Оның ішінде су құбырларын шығару бойынша әлемдегі үздіктер қатарында. Қос тарап жобаларды нақтылап, бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты. 

Айта кетейік, Түркістан облысына жыл басынан бері 196,5 млрд. теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе жоғары. Облыс экономикасының дамуына тың серпін беретін және 2025-2028 жылдары жүзеге асырылатын 110 инвестициялық жоба пулы қалыптастырылды. Биыл 322 млрд. теңгеге 57 инвестициялық жобаны іске қосып, 6 908 жұмыс орнын құру жоспарланған. Индустриалды аймақтар мен шағын өндірістік парк те кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге дайын. 

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.