Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын сапалы жүзеге асыру жөніндегі шаралар қаралды,— деп хабарлайды turkistan.today
Аталған жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бейнебайланыс арқылы қатысты.
Олжас Бектенов жаңа Конституция елдің ұзақмерзімді даму бағытын айқындайтын негізгі құжат екенін айтып, оның Мемлекет басшысы жүргізіп отырған реформалардың берік негізін қалыптастыратынын атап өтті. Сондай-ақ мемлекеттік институттарды жаңғырту, қоғамдағы тұрақтылықты нығайту, азаматтардың әл-ауқатын арттыру және «Заң мен Тәртіп» қағидатын орнықтыру жұмыстары жалғасатынын жеткізді.
Айта кетейік, Түркістан облысының тұрғындары Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумға белсенді қатысып, оны қолдады. Өңірде Ата Заңның басымдықтарын түсіндіру және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.