Түркістан өңірінде балалардың жазғы демалысын тиімді өткізу мақсатында лагерьлер өз есіктерін айқара ашты,- деп хабарлайды turkistan.today
Маусым айының алғашқы онкүндігінде Сайрам ауданындағы «Болашақ», Бәйдібек ауданындағы «Тау шыңы» және Кентаудағы «Үркер» лагерлері алғашқы ауысым бойынша мыңнан астам баланы қабылдады. «Үркер» лагерінде Арыс пен Ордабасы аудандарынан келген 600 бала жазғы тынығуда.
Биыл алғаш рет облыста модульдік лагерьлер іске қосылды. Бұл бастама аясында 5 мемлекеттік лагерьге 52 модульді жатақхана орнатылып, қосымша 7,5 мың орын ашылды.
Жалпы, жазғы маусымда 10 мемлекеттік және 21 жеке меншік лагерьде 41 мыңнан астам бала демалатын болады. Қалған 400 мыңға жуық оқушы мектеп жанындағы лагерьлерде, экскурсияларда және түрлі танымдық іс-шараларда уақыт өткізеді. Жеке меншік лагерьлерге 11 500 баланы жіберу үшін қаржы бөлініп, конкурс нәтижесінде жеңімпаздар анықталды.
Жазғы лагерьлердің дамуы балалардың демалысын қызықты әрі пайдалы өткізуге мүмкіндік беріп, олардың денсаулығын нығайтуға ықпал етуде.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.