Түркістан облысының әкімі Португалияның Қазақстандағы елшілігінің сенімді өкілімен кездесті

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 22 маусым, 2025

Биыл Түркістан қаласының облыс орталығына айналып, өңірдің Түркістан облысы деп аталғанына 7 жыл толды. Осы қысқа уақытта аймақтың туризм, мәдениет және инвестиция салалары қарқынды дамуда. Тарихи шаһарға шетелдің жауапты өкілдері жиі келіп, келіссөздер жүргізіп жүргізуді дағдыға айналдырған. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Түркістанға арнайы келген Португалияның Қазақстандағы елшілігінің сенімді өкілі Жозе Атаиде Амаралмен кездесті. Кездесуде облыстың экономикалық, туристік әлеуеті таныстырылды,- деп хабарлайды turkistan.today

– Өзіңізбен тарихи Түркістан төрінде жолығып отырғаныма қуаныштымын. Облыстың даму қарқыны жақсы. Инвесторларға қолайлы жағдай жасалған. Португалиямен әріптестік орнатып, жобаларды бірлесе жүзеге асыруға дайынбыз. Туризм саласы бойынша да сіздердің тәжірибелеріңізді қарастыруға, Еуропадан келетін туристер санын арттыруға мүдделіміз, – деді Нұралхан Көшеров. 

Жозе Атаиде Амарал қонақжай мінез танытқан облыс әкіміне ризашылығын білдірді. Түркістанға «VOICE OF TURAN - 2025» қазақ әндерінің фестиваліне арнайы келгенін, Португалияда қазақ әндерін шырқап жүрген әнші бар екеніне, қазақ ән өнерінің деңгейі биік деңгейіне тоқталды. 

Мәртебелі мейман Түркістан шаһарының көркіне, даму бағытына оң бағасын беріп, туризмі дами түсетініне сенім білдірді. Әріптестік орнатып, іскерлік байланыстарды нығайтуға дайын екенін жеткізді. 

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.