Түркістан облысының әкімі ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттарымен кездесті

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан Бүгін, 18:42

Бүгін Түркістан облысына ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Әли Бектаев, Мұрат Қадырбек, Алишер Сатвалдиев, Ұласбек Сәдібеков, Қайрат Балабиев, Кенжеғұл Сейтжан және Нұрсұлтан Байтілесов жұмыс сапарымен келді. Халық қалаулыларымен Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров кездесіп, қабылданған жаңа Заңдар, өңірді дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты,- деп хабарлайды turkistan.today

– Тарихи Түркістанға қош келдіңіздер. Өңірді дамытуда өздеріңіздің қолдауларыңызды сезініп жүрміз. Биыл «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заң қабылданды. Ол үшін ел атынан алғысымды білдіремін. Жартыжылдықты қорытындылап жатырмыз. Барлық аудан, қаланы аралап, елдің тілектерін тыңдадық. Қорыта келе газ, ауыз су мәселесін түбегейлі шешу, әлеуметтік нысандар салу, инфрақұрылымға қатысты мәселелерді шешумен қатар бизнеске қолайлы жағдай жасауды басым бағытқа қойып отырмыз. Шағын және орта кәсіпкерлікті өркендету, өндіріс орындарын ашу, индустриалды аймақтар мен шағын өндірістік парктерді дамытуға күш салудамыз. Мақсатымыз – жұмыс орындарын ашу және облыстың өзіндік кірісін ұлғайту. Бұл ретте сіздермен бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз, – деді Нұралхан Көшеров.

Кездесуде депутаттар еліміздегі саяси реформалар, Президенттің бастамалары, жаңадан қабылданған Заңдар туралы ой-пікірлерін айтып, алдағы жоспарларын таныстырды. Бюджетті қалыптастыру, қуаңшылық мәселесі, ауыл шаруашылығындағы түйткілдер, инфрақұрылымды жақсарту, кәсіпкерлікті дамыту, инвестиция тарту, Бәйдібек ауданын экологиялық аймаққа енгізу, мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мәселелері де көтерілді. Халық қалаулылары Түркістан облысын дамыту жұмыстарына оң бағасын беріп, елдің әлеуетін көтеру бағытында бірлесе іс атқаруды жалғастыратындарын жеткізді. 

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.