Түркістан облысының туристік әлеуетін көтеретін жаңа нысандардың жобасы қаралды

Түркістан Бүгін, 18:45

Түркістан облысында және облыс орталығындағы жаңа нысандар өңір сәулетіне сай бой көтереді. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен штаб отырысында бірқатар жоба қаралып, ғимараттардың сәулеттік үлгілері ұсынылды,- деп хабарлайды turkistan.today

Әрбір жобаны жіті қарап, ұсыныстарды тыңдаған Нұралхан Көшеров жауапты тұлғаларға жобаны жетілдіру бойынша нақты тапсырмалар берді. Нысандардың сәулеттік жобалары талапқа сай болуы тиіс екенін ескертіп, құрылыста сапалы материалдырды қолдануды талап етті.

Жиында сәулетшілер, инвесторлар мен құрылыс мамандары облыс аумағында жүзеге асырылатын жобаларды таныстырды. Атап айтқанда, Түлкібас ауданындағы Иірсу каньонында бақылау алаңын салу, Кентау қаласында демалыс аймағын салу, облыс аумағындағы теміржол вокзалдарын жаңғырту жобаларының эскиздері ұсынылды.

Сонымен қатар Түркістан қаласындағы «Отырар» шағынауданында орналасатын 5 қабатты тұрғын үй, теміржол вокзал аумағын абаттандыру, «Яссы» және «Бекзат» шағынаудандарын ретке келтіру бойынша ұсыныстар айтылып, аудан, қалаларды және туримзді дамытудың концептуалды жобалары қаралды. 

Аймақта құрылысы жүргізіліп жатқан әрбір нысанның сәулеті мен құрылыс сапасы бақылауда болады. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.