Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» жобасы аясында Түркістан облысында 29 білім ұясы салынуда. Заман талабына сай бірыңғай үлгідегі мектеп Отырар ауданы, Шәуілдір ауылдық округінде де бой көтерді,- деп хабарлайды turkistan.today
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Отырар ауданына іссапарында жайлы мектептің құрылысын бақылап, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.
– Әлеуметтік нысандардың құрылысы қатаң бақылауда. Ғимараттың, құрал-жабдықтар мен жиһаздардың сапасына қатысты мәселе туындамау керек. Білікті кадрлармен қамту жұмыстары да назарда болсын, – деді Нұралхан Оралбайұлы.
600 орындық білім ордасының құрылысы «Samruk-kazyna Construction» АҚ тапсырысымен жүзеге асты. Жалпы алаңы 3 гектар жерде орналасқан нысан инженерлік инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары толық аяқталып, қабылдау-өткізу жұмыстары жүргізілуде. Мұнда 115 жұмыс орны құрылмақ.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.