Түркістан: Сарыағаштағы шалғай ауылда дәрігерлік амбулатория ел игілігіне берілді

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 26 желтоқсан, 2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы денсаулық сақтау саласында инфрақұрылымды жақсарту міндетін жүктегені белгілі. Осы тапсырмаға сәйкес Сарыағаш ауданында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Медициналық нысанның ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, аудан әкімі Арман Абдуллаев пен ауыл тұрғындары қатысып, лентасын қиды,- деп хабарлайды turkistan.today

Салтанатты шара барысында қуаныштарын бөлісуге келген сала басшыларына ауыл тұрғындары өз ризашылықтарын білдіріп, ақсақалдар ақ баталарын берді. Ендігі жерде, дертіне шипа іздеген ауыл халқы осы пунктке келіп, дәрігерлердің нұсқаулығы бойынша ем-шараларын қабылдай алады.

Жаңа ғимаратта учаскелік дәрігер бөлмесі, күндізгі емхана, физиотерапиялық ем қабылдау, дәрігерге дейінгі қабылдау, баланы дамыту, екпе бөлмелері мен тіркеу орны бар. 

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.