Түркістан: Шардара ауданының 40 отбасы баспаналы болды

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 25 желтоқсан, 2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың әл-ауқатын, өмір сапасын жақсартуды тапсырған болатын. Түркістан облысында өңір басшысы Дархан Сатыбалдының бастамасымен осы бағытта ауқымды жұмыс жүруде,- деп хабарлайды turkistan.today

Тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтармен көп балалы отбасыларды үймен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы сәйкес, Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында Шардарада үй кезегінде тұрған 40 отбасы баспаналы болды. Тұрғын үй кілтін аудан әкімі Арман Қарсыбаев тапсырып, үй иелерін қуаныштарымен құттықтап, мемлекет тарапынан қолға алынған бағдарлама аясында салынған 40 пәтерлі тұрғын үй кешенінің жаңа пәтер кілттерін табыстады.

– Мемлекет басшысының бастамасымен көптеген шаруалар қолға алынып,  қаншама нысандар ашылуда. Биыл Шардара ауданында да көптеген нысандар пайдалануға беріліп жатыр. Біздің мақсат – аудан  тұрғындарының тұрмыс жағдайын жақсарту. Міне бүгін қаламыздағы «Әсемай» мөлтек ауданындағы 40 пәтерлі тұрғын үй  ел игілігіне пайдалануға берілуде. Ауданда атқарылып жатқан барша жұмыстар мен игі бастамалар ауданымыздың тұрғындары үшін жасалып келеді. Осындай қуанышты сәтте  пәтер иелеріне үйлеріңізде әрқашан да жылылық пен қуаныш болсын деген тілек білдіремін. Жаңа жылмен бірге келген жаңа қоныстарыңыз құтты болсын! – деген Арман Қарсыбаев тұрғындарды құттықтады. 

Баспаналы болған тұрғындар Жаңа жылды жаңа үйде қарсы алатындарына ризашылықтарын білдіріп, ел азаматтарына алғыстарын жеткізді.  

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.