«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында Жартытөбе ауылдық округінде «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы кең көлемде ұйымдастырылды,— деп хабарлайды turkistan.today
Жартытөбе өзені бойында өткен шараға аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков, ауыл ақсақалдары, округ тұрғындары мен белсенді жастар және «Қазсушар» РМК Түркістан филиалына қарасты Созақ өндірістік бөлімшесісі қызметкерлері қатысып, табиғатты қорғау бағытындағы жұмыстарға белсене атсалысты. Акция барысында Аша тауынан бастау алатын, Жартытөбе ауылының аумағына дейінгі 50-ден аса бұлақ көздері аршылды.
Игі іске ауыл тұрғындарымен бірлесе атсалысқан удан басшысы Мұхит Сексенбайұлы барша ауыл азаматтары мен қарияларға алғысын білдірді. Табиғатты қорғау бір күндік науқан емес, әр азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс маңызды құндылық екенін атап өтті.
Сонымен қатар, өзен бойына тал көшеттері отырғызылып, аумақты көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Ақ шаңқан киіз үй тігіліп, шараға қатысушыларға жеті түрлі дәннен дайындалған наурыз көже ұсынылды. Ерікті жастар музыкалық аспаптармен ән шырқап, шараның шырайын арттырды. Бұлақ басында құрбандық шалынып, дұға бағышталды.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.