Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен аймақта жұмыспен қамту шаралары күшейтіле түсті. Созақ ауданында жеке инвестициялық жоба негізінде ашылатын жаңа жұмыс орындарына жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған 4 жақты серіктестік Меморандумына қол қойылды,- деп хабарлайды turkistan.today
Бірінші тараптан Созақ ауданы әкімідігі, екінші тараптан Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп, туризм және ауыл шаруашылығы басқармалары, үшінші тараптан «Жаңа Қазақ Елі» АӨК, ЖК «Әмреева Р.Ә», ЖК «Сейдахметұлы Т», ЖК «Күзенбаев Ж.С» және ЖК «Биимбетов Н», төртінші тараптан Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ өзара серіктестік мақсатында меморандумға қол қойды. Нәтижесінде 39 адам жұмыспен қамтылатын болды.
Шара барысында Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков инвестициялық жобалардың және оның аудан экономикасы мен халықты жұмыспен қамтуға тигізетін маңыздылығын атап өтті.
Түркістан облысының «Еңбек мобилділігі орталығы» КММ директоры Абзал Дәулетәліұлы кәсіп иелеріне істеп жатқан жұмыстарына табыс тілей отырып, кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетіндігін және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуға шақырды.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.