Түркістан облысы әкімдігінің «Ашық әкімдік» кеңсесінде өңір тұрғындарын жеке қабылдау бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп келеді. Бүгін кезекті рет облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев өзі жетекшілік ететін салалар бойынша тұрғындарды жеке қабылдап, мәселелерін тыңдады,- деп хабарлайды turkistan.today
Қабылдауға Түркістан қаласының және Жетісай, Сауран, Келес, Отырар аудандарының тұрғындары келді. Олардың басым бөлігі әлеуметтік көмек алу, жұмысқа орналасу, несие жабу, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта қалыптастыру жайын қозғады. Сонымен қатар денсаулық, білім салаларына қатысты мәселелер көтеріліп, қысқа мерзімді оқыту жұмыстарын қаржыландыру бойынша ұсыныстар айтылды.
Қоғамдық жұмысқа орналасу, әлеуметтік көмек алу сияқты бірқатар мәселе сол мезетте шешімін тапты. Бейсенбай Тәжібаев көтерілген мәселелер назардан тыс қалмайтынын айтып, заңдылығын түсіндірді. Жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар беріп, орындалу барысын бақылауға алды.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.