Бүгін облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев өзі жетекшілік ететін салалар бойынша өңір тұрғындарын кезекті рет қабылдады. Жеке қабылдауға тиісті басқарманың орынбасарлары мен жауапты өкілдері қатысты,- деп хабарлайды turkistan.today
Қабылдауға келген тұрғындар денсаулық, жұмысқа орналасу, білім саласына қатысты мәселелерді көтерді. Бірі мүгедектікке шығу бойынша ықпал жасауын сұраса, енді бірі көпбалалы ана мәртебесін қарастыруды айтты. Төлебилік азамат мектептегі ақша жинау мәселесін айтып, мектеп директорының үстінен шағымданды. Сонымен қатар тұрғындардың бірі мектептегі әлімжеттік мәселесіне және мектеп директорының дөрекі әрекеттеріне наразылық білдірді. Мектепте мұғалімдердің білім сапасын көтеру жөнінде де ұсыныс берілді.
Тұрғындарды мұқият тыңдаған облыс әкімінің орынбасары әрбір мәселе заң аясында қаралатынын, ұсыныс пен өтініштер хаттамаға енгізіліп, тиісті жұмыс жүргізілетінін атап өтті. Жауапты басшыларға мәселелерді жан-жақты зерделеп, қысқа мерзімде шешуді тапсырды.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.