Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, Жетісай ауданындағы экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында тұрғындар мен әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандарды газдандыру, сапалы таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп, кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді,- деп хабарлайды turkistan.today
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде бүгінде аудандағы 105 елді мекеннің 60-ы табиғи газбен қамтылып, «көгілдір отын» пайдаланушылардың пайыздық үлесі 57,1 пайызды құрап отыр.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Жетісай ауданына жасаған іссапары барысында бірқатар әлеуметтік нысандардың ашылу салтанатына қатысты. Солардың бірі – Қызылқұм ауылдық округінің Қызылқұм елді мекеніндегі газ нысаны. Облыс әкімінің орынбасары тұрғындарды қуаныштымын сәтпен құттықтады.
Шараға Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Талғат Қаржауов, Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов, аудандық мәслихат депутаты Қахарбай Исаев пен ауыл ақсақалдары қатысты.
Ауыл құрылғалы қатты отынды қолданып, қысы-жазы күл шығарып келген елді мекеннің 608 үйінде тұратын 4 мыңнан астам тұрғын Жаңа жыл қарсаңында табиғи отынға қосылды. 2022-2024 жылдар аралығында республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға жүргізілген құрылыс жұмыстарының жалпы сметалық құны 695, 608 мың теңгені құрайды.
Айта кетейік, жыл басынан бері Жетісай ауданындағы 29 нысанның құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге республикалық, облыстық және жергілікті бюджеттерден жалпы 3,4 млрд. теңге қаржы қаралған. Жыл қорытындысымен 11 елді мекендегі 1629 үйді табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарланған.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.