Түркістанда ардақты ардагерлер бас қосты

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 2 қазан, 2024

Жалпы 80 мыңға жуық зейнеткер тиісті қызметтермен қамтылуда

Түркістан облысында  200 мыңға жуық зейнет жасындағы қарт пен ардагер тұрады. Оның 11-і Ұлы Отан соғысының ардагері болса, 3,2 мыңнан астамы тыл еңбеккерлері,- деп хабарлайды turkistan.today

Сонымен қатар 100 жастан асқан 60 қарт азамат тұрады. Оның ішінде жасы ең үлкені – Жетісай ауданының 110 жасқа толған тұрғыны Бегбаева Унгай.  

Елімізде жыл сайын 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесі кең көлемде аталып өтеді. Түркістан облысының орталығы мен аудан, қалаларда да салтанатты іс-шаралар ұйымдастырылып, ардагерлерге құрмет көрсетілді. Өңірдің белсенді,  елге еңбегі сіңген ардагерлері Түркістанға саяхат жасап,  арнайы мерекелік жиындарға қатысты. 

Алдымен облыс басшысы Дархан Сатыбалды жаңадан бой көтерген «Достық үйі» ғимаратында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қажырлы еңбек сіңірген ардагерлермен жүздесіп, еркін пікір алмасты. Өңірді дамыту жұмыстары мен көрсеткіштерге тоқталып, бұл игі жетістіктерде қазыналы қарттарымыздың да үлесі мол екенін атап өтті. Бір топ ардагерді «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі мен облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапаттады. Олардың қатарында жазушы, қоғам қайраткері және мәдениет саласының ардагері, Түркістан облыстық Ақсақалдар алқасынан және Облыстық ардагерлер кеңесінен, «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы Аналар кеңесінен, сонымен қатар аудан, қалалардан еңбек ардагерлері бар.

Кездесу салтанатты іс-шараға ұласып, қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев құттықтау сөз сөйлеп, еңбегі еленген ардагерлерге алғыс хат табыстады. Жиын барысында бірқатар ардагер Облыстық мәслихаттың грамотасымен және «Amanat» партиясының Түркістан облыстық филиалының алғыс хатымен марапатталды. «Ардагерлер ұйымы» республикалық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов сөз алып, ізгі лебізін білдірді. Орталық кеңестің «Құрмет белгісі» медалі мен Құрмет грамотасын, алғыс хаттарды тапсырды. Аға буын өкілдері мерекелік дастарқанда концерт тамашалады. Облыстың 150-ден астам зейнеткер мен ардагер қатысқан мерекелік шара әрі қарай концерттік бағдарламаға ұласып, Шәмші Қалдаяқов атындағы филармония мен «Жаңа леп» өнер ұжымы, «Самғау» би тобы өнер көрсетті.

Түркістан облысында зейнеткерлер мен қарттардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында жүйелі жұмыс атқарылып келеді. Өңірлерде «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталықтарын ашу тапсырылған. Осы аталған жоспарды іске асыру аясында мереке күні облыста 17-ші орталық ашылды. Жалпы 80 мыңға жуық зейнеткер тиісті қызметтермен қамтылуда.

Түркістан қаласында осындай орталықтарға сұранысы көбеюіне байланысты шаһарда  3 орталық зейнеткерлерге қызмет көрсетуде. Бұл орталықтарда қарияларға барлық жағдай жасалған. Облыстық бюджет есебінен демалыс орындарында 8 мыңға жуық қария демалып, денсаулығын түзейді. Сол демалыс орындарының бірі – «Ардагерлер үйін» Түркістан облысына көшіріп, келесі жылы ардагерлерді қабылдау көзделіп отыр. 

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.