Түркістанда “Sarap” эксперттер клубының аймақтық жиыны өтті

Фото: turkistan.today
Фото: turkistan.today
Түркістан 13 қыркүйек, 2024

Кездесуге қатысқан көпшілік АЭС салу тақырыбына ерекше назар аударды

Түркістанда «SARAP» эксперттер клубының аймақтық жиыны өтті. Кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: Заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды,- деп хабарлайды turkistan.today

Іс-шараға Түркістан облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, атом энергиясы мен экология саласының кәсіби мамандары, жастар және азаматтық қоғам, партия өкілдері қатысты.

Жиында Жолдауда айтылған мемлекеттік шешімдер қабылдаудағы азаматтардың белсенділігі және жаңа қоғамдық-саяси мәдениет, экологиялық тәуекел мен қауіпсіздік, атом электр стансасын салу туралы жалпыұлттық референдум жайын талқылап, өзара пікір алмасты.

Кездесуге қатысқан көпшілік АЭС салу тақырыбына ерекше назар аударды. Шараға арнайы келген ҚР ЭМ Ядролық физика институтының Бас инженерінің орынбасары Асхат Бекбаев аталған станцияның салынуы - ел ертеңі үшін аса маңызды қадам екенін айтып, референдумға үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырды. 

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.