Түркістанда туризм маусымының ашылуына орай 2,5 тонна көже дайындалады

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан 11 наурыз, 2025

Түркістанда 19 наурыз күні «Түркістан – Түркі әлемінің туристік астанасы» тақырыбында туристік маусымы ашылмақ. Бұл шара өңірдің туристік әлеуетін арттыру, инфрақұрылымды жақсарту және қонақтарға жоғары деңгейде қызмет көрсету мақсатында ұйымдастырылмақ.  Бұл жайында Түркістан облыстық туризм басқармасының басшысы Нұрдәулет Медеуов брифингте мәлімдеді,- деп хабарлайды turkistan.today

«Биыл өңіріміз үшін тарихи оқиға орын алуда. Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы Заң қабылданды. Бұл құжат - қаланың халықаралық деңгейдегі туристік орталыққа айналуына үлкен мүмкіндік береді. Жоспарға сәйкес, өңірге келетін туристер санын арттырып, Түркістанның мәдени және рухани мұрасын кеңінен насихаттау көзделіп отыр» - деді спикер.

Туристік маусымның ашылу салтанатында «Jana lep» шығармашылық ұжымы, «Самғау» би ансамблі, ұлттық аспаптарда орындаушылар, DJ Shamil және өзге де өнерпаздар өнер көрсетеді. Сондай-ақ, от шоуы, сиқыршылар қойылымы, барабан шоуы және поэзия кештері өтеді. Іс-шара барысында 2,5 тонна наурыз көже дайындалып, Қазақстанның «Киннес» рекорды жаңартылмақ. Сонымен қатар, шаһарда 19 наурыз күні «Түркістан-түркі әлемінің рухани астанасы» республикалық туристік форумы өтеді. Жиынға Орталық Азия елдерінің туризм саласындағы бизнес өкілдері, қолөнершілер қатысуы жоспарланып отыр. 

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.