Атырау облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы «Цифрлық өткізу» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде қала аумағында синтетикалық есірткі затын таратумен айналысқан 43 жастағы Қызылорда облысының тұрғынын ұстады.
AtyrauPress тілшісінің хабаралуынша, алынған заттардың жалпы салмағы 23 грамм «Альфа-PVP» синтетикалық есірткісі екені анықталды. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 297-бабы, 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тергеу әрекеттері жүргізілуде. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды. Қазақстан Республикасының Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы, 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.