Жолдау: Қазығұртта салық саясатына арналған жиын өтті

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан 27 қараша, 2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Салық саясаты тұрақты болуға тиіс. Сонда бизнес те сапалы дамуға ынталы болады және жауапкершілікпен жұмыс істейді» деген болатын. Осы орайда Қазығұрт ауданы әкімдігінде аудан басшысының төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Жиынға әкімдік қызметкерлері, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы, ауыл округ әкімдері, сот орындаушылар қатысты,- деп хабарлайды turkistan.today


Аталған жиынның күн тәртібінде ауданның қосымша кіріс көздерін анықтау, салықтық берешектерін өндіру туралы сөз қозғалды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Қанат Төлендиев, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Мұрат Сәпиев баяндама жасады. Мәжіліс барысында көтерілген мәселе жан-жақты талқыланып, Азизхан Азимханұлы өзінің нақты ұсыныстарын айтып, тапсырмаларын берді. Атап айтқанда, көтерілген тақырыптың өзекті екенін ескертіп, салықтың уақытылы төленуін қадағалауды тапсырды. 

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.