Жолдау: Созақта елді мекендердің ішкі жолдары жаңарып, инфрақұрылым сапасы келеді

Фото: turkistan.today
Фото: turkistan.today
Түркістан 11 желтоқсан, 2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында елдегі инфрақұрылым саласын ретке келтіру керектігін тілге тиек еткен болатын,-деп хабарлайды turkistan.today

 Ел президентінің тапсырмасына сәйкес, биылғы жылы Созақ ауданының аумағындағы елді мекендердің ішкі жолдарын жөндеу жұмыстары жалғасып, ауылдардың инфрақұрылымын жақсартуға ықпал етті. 

Мәселен, өткен жылы 34,1 шақырымды құрайтын 29 көшеге асфальт жабындысы төселді. Оның ішінде 22,4 шақырымды құрайтын 18 көше «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында, ал 11,6 шақырымдық 11 көше жергілікті бюджет есебінен жаңартылған. Осылайша, Жартытөбе, Аққолтық, Көктөбе, Балдысу және Басбұлақ елді мекендерінің ішкі жолдары толықтай асфальтпен жабылып, тұрғындардың өмір сапасы артты.

Бұл жұмыстар биыл да өз жалғасын тауып, аудан аумағындағы 34 көшеге асфальт төселіп, елді мекендердің ажары одан әрі арта түсті. Биылғы жылы Жуантөбе ауылы да 100 пайыз сапалы жолмен қамтамасыз етілді. Мұнымен қатар, облыстық маңызы бар күре жолдар да жөндеуден өтіп, аудан тұрғындарының көлік қозғалысына қолайлы жағдай жасалуда.

«КХ-2 Уланбел-Созақ-Екпінді» автомобиль жолының Шолаққорғаннан Ыбырайға дейінгі 83 шақырымы, «КХ-57 Созақ-Қарағұр-Бақырлы» автомобиль жолының Созақтан Қарағұрға дейінгі 30 шақырымы, және «КХ-56 Жамбыл облысының шекарасынан-Құмкент-Шолаққорған-Ащысай» автомобиль жолының 39 шақырымына асфальт жабындысы төсеу жұмыстары толығымен аяқталды.

Айта кетейік, жалпы аудан көлемінде 917 шақырым автомобиль жолдары бар. Оның ішінде 435 шақырымы облыстық маңызы бар жолдар, 79 шақырымы аудандық маңызы бар жолдар, 403 шақырымы елді мекендердің ішкі жолдары.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.