Түркістан облысында 3 медициналық нысан ашылды

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 27 желтоқсан, 2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың медициналық көмекті қолжетімді ету және инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында ауқымды жұмыс жүруде. Бұл жұмыстар облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қадағалауына алынған. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында 1 күнде 3 медициналық нысан ашылды,- деп хабарлайды turkistan.today

Отырар ауданының Аққұм ауылында дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев салтанатты ашылу рәсімінде тұрғындарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтады. Басқарма басшысы өз сөзінде 2024 жылы «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында облыста 49 медициналық нысанның құрылысы жүргізілгенін атап өтті.

Аталған нысанда 1 дәрігер, 6 мейіргер, 1 акушерка, 1 стоматолог, 1 лаборант, 1 автокөлік жүргізушісі, 1 кіші буын қызметкер, 2 қарауыл жұмыс істейді. Дәрігерлік амбулатория ЭКГ және  гинекологиялық орындықтармен қамтамасыз етілген. Физотерапиялық және оңалту аппараттармен қамтылған.


 Сол күні Арыс қаласының Қожатоғай елді мекенінде жаңа медициналық тірек, ал Монтайтас ауылында фельдшерлік-акушерлік бекет ашылды. Ауыл тұрғындары игі іске ризашылықтарын білдіріп, ел азаматтарына алғыстарын жеткізді. 

Түркістан облысында биыл 49 медициналық нысан салу жоспарланған, оның ішінде 20 дәрігерлік амбулатория, 23 фельдшерлік-акушерлік пункт және 6 медициналық пункттің құрылысы жүргізілді. 

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.